Шу ауданы «Жәми» мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы «Төле би» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Бала тәрбиесі – ата-ананың міндеті» тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында қыз бала мен ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқталып, оларды Ислам құндылықтарымен сабақтастыра тәрбиелеудің маңызын түсіндірді. Баланың мінез-құлқы мен болашағы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты екені айтылып, ата-ананың жауапкершілігі кеңінен баяндалды.
Кездесу жамағатқа ой салып, ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыра түсті. Шара соңында көпшілік тарауық намазында сап түзеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


20 Маусым 2026
4 Мухаррам 1448

