Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Амангелді» мешітінің жамағатымен арнайы жүздесіп, рухани кездесу өткізді.
Тарауық намазы барысында «Әдептілік – көркем мінез» тақырыбында мазмұнды уағыз айтып, мұсылман баласының бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі – әдеп пен ізгілік екенін атап өтті. Көркем мінез – имандылықтың жемісі екені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі арқылы әдептің биік үлгісі көрсетілгені жайында кеңінен баяндалды.
Жамағат уағыздан рухани тағылым алып, құлшылықтың мәнін тереңірек сезінді. Кеш соңында көпшілікке тәспі сыйлық етіліп, жиналған қауым игі тілектерін білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

