Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының мешіт ұстазы Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен жамағатқа Рамазан айының артықшылықтары мен рухани маңызы жайында насихат айтылды.
Кездесу барысында ұстаз Зейнеп Үсенова қасиетті айға дайындық, ниетті дұрыстау, құлшылықты арттыру және Құранмен байланысты күшейту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, оразаның адам бойындағы сабыр мен тақуалықты қалыптастыратынын, Рамазанның жүрек тәрбиесі мен рухани жаңғыру айы екенін атап өтті.
Жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, әсерлі мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рухани кешке қатысушылар қасиетті айды мазмұнды өткізуге ниет білдіріп, алдағы уақытта құлшылықты күшейтуге уағдаласты.
Мұндай насихаттық кездесулер жамағаттың имандылық деңгейін арттырып, бірлік пен бауырмалдықты нығайта түседі.



07 Наурыз 2026
18 Рамадан 1447

