Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының мешіт ұстазы Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен «Рамазан – береке мен сауап айы» атты жамағат арасында сайыс өтті.
Іс-шара шарты бойынша шәкірттер топқа бөлініп, мешіт дәрісханаларын Рамазан мерекесіне сай безендірді. Әр топ өз шығармашылығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, рухани айдың мән-маңызын айшықтай білді.
Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен топтарға І, ІІ, ІІІ орындар беріліп, арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар үлестірілді.
Рамазан – ұлық ай. Тіпті қарапайым әрлеудің өзі мерекелік көңіл күй қалыптастырып, жүректерге рухани жылулық сыйлайтыны шара барысында айқын көрінді.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

