ТАРАЗ: «КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ МАРАФОНЫ ӨТТІ

ТАРАЗ: «КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ МАРАФОНЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде қасиетті ай қарсаңында Рамазанға дайындық мақсатында арнайы марафон ұйымдастырылды. Рухани шараға 50-ге жуық әйел-қыздар қатысып, намаз оқудың тәртібін үйреніп, оразаға қатысты маңызды мәліметтермен танысты.

Марафонның негізгі мақсаты – жамағатқа Рамазан айын пайдалы, саналы әрі сауапты өткізуге бағыт-бағдар беру. Қатысушылар құлшылықтың мән-маңызын терең түсініп, практикалық тұрғыда білімдерін жетілдірді.

Іс-шара барысында әйел жамағаты өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, өзара қолдау көрсетіп, ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай басқосулар рухани серпіліс сыйлап, қасиетті айға дайындықты күшейте түседі.

Алла Тағала алған ілімдерімізді пайдалы етіп, Рамазан айын берекелі де қабыл болған құлшылықпен өткізуді нәсіп етсін.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: