Тараз: Рамазан қарсаңындағы қайырымдылық шарасы

Тараз: Рамазан қарсаңындағы қайырымдылық шарасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы "Нәметбай" мешітінде тағы бір сауапты іс жүзеге асты. Мешіт ұстазы  Лейла Арыстанова және шәкірттері бірлесіп қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шәкірттер өзара қаражат жинап, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды сатып алды. Жиналған көмектер мұқтаж отбасыларға арнайы жеткізілді. Бұл игі іс – Рамазан айын жақсылықпен қарсы алудың жарқын көрінісі болды.

Қайырымдылық – мұсылманның көркем мінезінің белгісі. Әсіресе қасиетті ай алдында жасалған әрбір сауапты амалдың берекесі мол. Шара барысында шәкірттер мейірімділік, жанашырлық және бауырмалдықтың шынайы үлгісін көрсетті.

Осындай игі бастамалар қоғамдағы ынтымақ пен қамқорлықты арттыра түседі. Алла Тағала жасалған қайырымдылықты қабыл етіп, бергендерге еселеп қайтарсын, мұқтаж жандарға жеңілдік нәсіп етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: