Тараз: “Рамазан береке мен сауап айы”

Тараз: “Рамазан береке мен сауап айы”

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Нәметбай мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл игі істі мешіт ұстазы Құран және ислам негіздері пәндерінің оқытушысы Арыстанова Лейла ұстаз үйлестірді.

Тазалық жұмыстарына мешіттің барлық шәкірттері белсене қатысты. Әсіресе таңғы топ ерекше ұйымшылдық танытып, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына үлкен үлес қосты. Қатысушылар мешіт ішін ретке келтіріп, терезелерді жуып, жалпы тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бұл шара – жай ғана дайындық емес, Рамазан айының алдында жасалған сауапты амалдардың бірі болды. Алланың үйін таза ұстау – мұсылманның міндеті әрі құрметі. Тазалық арқылы жүректер де тазара түсетіні сөзсіз.

Осындай бірлік пен ықыластың арқасында мешіт қасиетті айды таза әрі көркем күйде қарсы алуға әзір болды. Алла Тағала жасалған әрбір еңбекті қабыл етіп, баршамызға Рамазанды берекелі өткізуді нәсіп етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: