ТАЛАС: Шарапаты мол шағбан айы

ТАЛАС: Шарапаты мол шағбан айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатымен кездесіп, шарапаты мол шағбан айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтып өтті.

Ахат имам жиналған қауымға бұл айдың исламдағы орны, осы айда нәпіл ораза ұстаудың маңызы, зікір мен дұғаның қадірлілігін түсіндіріп, рухани тазалыққа шақырды. Сондай-ақ, шағбан айында жақсылық жасау, мұқтаждарға көмек көрсету және отбасымен берекелі өмір сүрудің маңызына тоқталды.

Ахат Қайыпбергенұлы жамағатқа шағбан айында жасалатын ізгі амалдар мен дұғалардың маңызын айтып, адамдарды күнделікті өмірде имандылықты сақтауға шақырды. Бұл уағыз жамағатты рухани тәрбиеге, құлшылыққа ықыласты болуға және діннің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: