Талас ауданында уақып және пәтуа мәселелеріне арналған аудандық жиын өтті.
Бас қосуға ауданға қарасты мешіттердің имамдары қатысты. Жиында ауданымыздың уақып пен пәтуа бағытына жауапты маманы, "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы баяндама жасады. Ол өз сөзінде уақыптың қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, қайырымдылық пен діни қызметті дамытудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, халыққа шариғат талаптарына сай, дұрыс әрі бірізді пәтуа берудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Баяндамадан кейін имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, уақып пен пәтуа бағытында атқарылатын жұмыстарды жүйелеу жөнінде пікір алмасу өтті. Жиын соңында осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.
Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


28 Ақпан 2026
11 Рамадан 1447

