Талас ауданының жат діни ағымнан сақтандыру бағытына жауапты маман Ахат Қайыпбергенұлы аудан имамдарының қатысуымен өткен жиында баяндама жасады.
Өз баяндамасында Ахат Қайыпбергенұлы жат діни ағым өкілдерімен сөйлесу барысында дұрыс қарым-қатынас орнату, мәдениетті сақтау және ойды көркем әрі түсінікті жеткізе білудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, дін мәселесінде сабыр мен парасатты ұстанымның, нақты дәлелдерге сүйеніп сөйлей білудің маңызы ерекше екені атап өтілді. Жиын барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді.
Басқосу жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге және имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталды.
Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


28 Ақпан 2026
11 Рамадан 1447

