«Мойынқұм» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңарту жұмыстары жүргізілді. Құлшылық орнының ішіне жаңа кілем төселіп, мешіттің көркі мен тазалығы айшықтала түсті.
Бұл игі іс – жамағаттың жайлы әрі тыныш ортада ғибадат жасауына бағытталған сауапты бастамалардың бірі. Аталмыш мешіттің бас имамы демеушілер мен атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

