Игілікке жайылған дастархан басында дін мен дәстүрге қатыстысұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Тағылымды шараның мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің исламдағы орнына тереңірек тоқталу болды.
Сұрақ-жауап барысында мешіт жамағаты белсенділік танытып, дін мен дәстүр сабақтастығына қатысты түрлі сауалдарға жауап берді. Ойын нәтижесінде дұрыс жауап берген жандарға «Дін мен дәстүр» кітабы және басқада муфтият баспасынан шыққан кітаптар сыйға тартылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ақпан 2026
18 Шаабан 1447

