Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде аудан және ауыл имамдарының жиналысы өтті.
Жиын барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы өткен жылға қорытынды жасап, 2026 жыл «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын жұмыс жоспарын баяндады. Сондай-ақ, діни-ағарту бағытындағы жұмыстарды жүйелеу, мешіттердің қызметін жандандыру және жамағатпен байланыс нығайту мәселелері сөз болды.
Бас имам имам-молдаларға жауапкершілік пен бірліктің маңызын атап өтіп, қызмет барысында ықылас пен тәртіпке ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Жиналыс соңында нақты міндеттер белгіленіп, алдағы жұмыстарға бағыт-бағдар берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ақпан 2026
18 Шаабан 1447

