Мешіт ұстазы Еламан Бақытханұлының ұйымдастыруымен «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында «Ботбай баба» мешітінің жас шәкірттері арасында білім сайысы өтті.
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім турасында: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген.
Игі шараның мақсаты – жас ұрпақтың діни сауатын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру және ұлттық тәрбиені насихаттау.
Сайыс барысында шәкірттер Ислам ғибадаты, араб тілі, ислам әдептері, пайғамбарлардың өмірбаяны бойынша білімдерін ортаға салды. Ой ұшқырлығы мен зеректігі сыналған білім додасы тартысты әрі тағылымды өтті.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан шәкірттерге алғыс айтылып, үздіктер марапатталып, қаржылай сыйақы табысталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ақпан 2026
18 Шаабан 1447

