«Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов Абай ауылының «Оспанәлі» мешітінде жұма намазын жүргізді.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында айтылған жұма уағызында ұстаз дұға мен тілек тілеудің әдебіне кеңінен тоқталды. Жамағатқа Алладан шын ниетпен сұраудың маңызын түсіндіріп, әрбір мұсылманды адал, әділ әрі адамгершілігі жоғары болуға үндеді.
Уағыз барысында қоғамдағы адалдықтың, таза ниеттің және көркем мінездің маңызы ерекше атап өтіліп, мұндай құндылықтар ел бірлігі мен тыныштығының негізі екені айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

