ИншАлла – "Алла та’ала қаласа болады" деген мағынада, бүкіл істерін Алла та’аланың қалауына тапсыру үшін айтылатын сөз.
Алла та’аланың алдында мойынсұнғандардан болу үшін әр істе иншАлла деу керек! Хадис шәрифте:«АдамдарүшіниншАлладеуденқұндымойынұсынушылықжоқ»-делінген.
«Мынаны істеймін» немесе «Ертең мына жерге барамын» деген кезде «ИншАлла» деу керек. Бұл сөздің орнына қазақшадағы "Құдай қаласа", "Құдай жазса", "Алла қаласа" деген тіркестерді қолдануға болады.
Бір адаммен бір нәрсені келіскен кезде иншАлла делінген болса, кейіннен ол іс орындалмаса өтірік айтылған болмайды. (Мифтах-улжәннә)
Нақты шешілген істерде де иншАлла делінеді. Мәсжиди харамға кіретіндігін Алла та’ала білдірген болса да, иншАлланың айтылуын үйрету үшін «Мәсжиди харамға иншАлла кіресіңдер» деген. (Фәтһ 27)
Исмаил алейһиссаламның: «Әкешім, саған не әмір етілген болса, соны істе! ИншАлла мені сабыр етушілерден табасын»дегені де Құран кәрімде білдірілген. (Саффат 102)
Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) бір мазарға кезіккенде, өлімнің келуі міндетті түрде болса да, илаһи тәрбиесінің бір көрінісі ретінде: «ИншАлла біз де сендерге қауышамыз» деді. (Мүслим)
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұғасының қабыл болатынын аят каримаға сүйеніп, нақты білген болса да, былай деді:
«Әр пайғамбардың дұғасы қабыл болады. Әр пайғамбар дүниеде үмметі үшін дұға етті. Ал мен қияметте үмметіме шапағат рұқсатының берілуі үшін дұға етемін. Дұғам иншАлла қабыл болады. Мүшрик болмағандардың барлығына шапағат етемін.» (Мүслим)
Хазреті Сүлейманның емтиханы
Құран кәрімде: «Біз Сүлейманды сынадық. Тағының үстіне бір өлік тастадық. Кейінірек ол қайтадан(Раббысына)қайтты» делінген. (Сад 34)
Фахреддин Рази хазреттері былай деген: Сүлейман алейһиссалам бір түнде жұбайларының барлығына баратынын, олардың әрқайсысынан бір-бірден ер бала дүниеге келетінін, Алла жолында соғысатынын айтты. Бірақ иншАлла деуді ұмытты. Мүгедек бір бала туылды. Бұны көтеріп әкесінің тағына қойды. Хадис шәрифте: «Ант етіп айтамын, Сүлейман алейһиссалам иншАлла дегенде айтқанындай болатын еді»делінген. (Бұхари)
Сүйікті пайғамбарымыздан рух, Асхаби Кәһф және Зұлқарнәйн туралы сұраған кезде, «Ертең келіңдер, айтып беремін» деді, иншАлла деуді ұмытты. Осы себепті бірнеше күн Расулуллаһқа уахи келмеді. Кейіннен мына мағынадағы аяти карима келді:
«ИншАлла деместен ештеңені ертең істеймін деме!» (Кәһф 23, 24)
Пайғамбарлар күнә істемейді. Осы сияқты әрекеттерге зәллә делінеді.