«Күнту баба» мешітінде қайырымды кәсіпкер азаматтың демеушілігімен мешіт ішіне жаңа кілем төселіп, жамағатқа қолайлы жағдай жасалды.
Игі істің басында болған мешіт имамы демеуші азаматқа шынайы алғысын білдіріп, жасалған қайырымдылықтың Алла разылығы үшін қабыл болуын тіледі.
Мұндай сауапты амалдар мешіттің көркеюіне ғана емес, жамағаттың бірлігі мен рухани өмірінің жандануына да үлкен үлес қосары анық.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

