Мойынқұм ауданының орталық «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз ұйымдастырылды. Ауданның бас имамы Көшкімбай Ержан уақыптың маңызы мен оның исламдағы орны жөнінде кеңінен насихат айтты.
Уағыз барысында уақыптың – үзілмейтін сауап көзі екені, оның қоғамдағы әлеуметтік, білім және қайырымдылық салаларындағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, жамағат игі істерге үлес қосуға, уақып арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетудің сауабына тоқталды.
Дін маманы өз сөзінде “Асыл дініміз өзгелерге көмектесуге, адамдарға жәрдемші болуға үндейді. Уақыптың адамның жеке басына, қоғамның дамуына тигізер пайдасы өте үлкен. Сондықтан шамамыз жеткенше жария садақа жасап, құлшылықтарымызды арттырайық.” - деп жақсылыққа насихаттады.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

