Мойынқұм ауданына қарасты «Шопан ата» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Мешіт имамы Бақытжан Мадыханов жиналған қауымға діни мәселелер бойынша кеңінен түсіндірме берді.
Кездесу «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өтіп, ислам дініндегі негізгі құндылықтар – адалдық, әділдік, жауапкершілік пен адамгершілік мәселелері жан-жақты тарқатылды. Имам күнделікті өмірде шариғат талаптарын сақтау, қоғамда бейбітшілік пен өзара құрметті нығайту жөнінде насихат айтты.
Пәтуа сағаты барысында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай рухани кездесулер діни сауаттылықты арттырып, адал қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосатыны атап өтілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

