Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде имамдарға арналған пәтуа тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды бас имам Ержан Көшкімбай жүргізіп, пәтуаның маңызы, оның қоғамдағы орны және діни қызметте дұрыс қолданылуы туралы жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара барысында имамдар тәжірибе бөлісіп, пәтуаларды дұрыс жеткізу жолдарын үйренді. Оның ішінде қоғамда өзекті болып жатқан мәселелер, отбас құндылығы, жат ағымдар, дәстүр мен ислам құндылықтары туралы уағыздарды жүргізу қарастырылды.
Мұндай семинарлар діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және қауымның рухани білімін нығайтуға зор үлес қосады.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

