БАЙЗАҚ: ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

БАЙЗАҚ: ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы Кеңес ауылы «Кеңес» мешітінің ұйымдастыруымен  «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ-ға 35 жыл толуына орай  Кеңес, Аққия және Мәдімар мешіттерінің  дін қызметкерлері мен жамағаты арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Үстел теннисі салауатты өмір салтын қалыптастыру, денені шынықтыру және мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Он алты үміткер қатысқан додада  бақ сынасты. 35 жастан асқан үміткерлер арасында қариялар да қатысып, «Мәдімар» мешіті атынан шыққан Әмірхан Молдазимов бірінші орын иеленді. Екінші орын  «Аққия» мешітінің атынан шыққан Жексен Тленшиевке бұйырса, үшінші орынды «Кеңес» мешіті атынан шыққан Бөлебай Танаев жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша арнайы округ әкімінің атынан женімпаздарға алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: