#Мойынқұм: Бас имам уақыт туралы уағыз айтты

#Мойынқұм: Бас имам уақыт туралы уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінде бас имам Ержан Көшкімбай жиналған жамағатқа маңызды уағыз айтты. Дәріс барысында имам уақыттың қадір-қасиеті, адамның өмірінде әрбір сәттің мәні туралы тоқталды.

Имам Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, бүкіл амалдары тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жалғасып тұратын садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», - деген (имам  Мүслим).

Уағыз барысында қатысушылар уақыттың қадірін білу, имандылыққа ұмтылу және ізгі істерді жалғастырудың маңызына назар аударды. Мұндай рухани кездесулер қауымның бірлігін арттырып, жеке адам мен қоғамдағы ізгі дәстүрлерді насихаттауға үлес қосады.

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: