ЖУАЛЫДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЖУАЛЫДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде ақшам намазы алдында жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мешіт имамы Мұсағалиұлы Бауыржан жамағатқа пәтуаның мәні мен маңызын түсіндіріп, күнделікті өмірде жиі кездесетін діни сұрақтар төңірегінде насихат айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ тарапынан бекітілген пәтуалардың қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, діни сауаттылықты арттырудағы рөліне тоқталды.

Кездесу барысында жамағат көкейінде жүрген сауалдарын қойып, нақты әрі шариғатқа сай жауаптар алды. Мұндай «Пәтуа сағаты» жиындарының ел ішіндегі діни түсінікті қалыптастыруға, бірізділікті сақтауға зор үлес қосатыны атап өтілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: