Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Смаганбетованың ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына хатым дұғасына арналған жиын өткізілді.
Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева Құран хатым кешінің қадірлі қонағы болды.
Кеш барысында Жазира Иманалиева әйел жамағатына білім алудың пайдасы, «Дін мен дәстүр» аясында әсерлі уағыз-насихат айтты. Ұстазға әйел қауымы ризашылықтарын айтып, сыйлық табыстады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



31 Қаңтар 2026
12 Шаабан 1447

