ТАРАЗДА «ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМНІҢ НҰРЫ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

ТАРАЗДА «ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМНІҢ НҰРЫ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы. Кеңесхан қажы мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Құран – жүрегімнің нұры» атты тағылымды рухани кеш өтті.

Кеш барысында Құран әліппесін толық меңгеріп, оқуын тәмамдаған шәкірттерге құрмет көрсетіліп, сыйлық ретінде Құран кәрім табысталды. Шәкірттердің басына тәж тағылып, олардың жетістігі жамағат алдында айрықша аталып өтті.

Шара аясында жүрекке жетер уағыз-насихат айтылып, көріністер қойылды. Қатысушылардың рухани әсерін арттыру мақсатында сүйіспеншілікті оятар танымдық ойындар, сұрақ-жауап форматындағы жарыстар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан жандарға сый-сияпаттар берілді.

Рухани кешке Кеңесхан қажы мешітінің шәкірттері мен жалпы 100-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Жиналған жамағат Құранға деген махаббатты арттырған мазмұнды кешке ризашылықтарын білдірді.

Аталған шара Құранға жақындықты күшейтіп, жүректерге иман нұрын ұялатуды мақсат етті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: