БАЙЗАҚ: «ТЕМІРБЕК БАБА» МЕШІТІНДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛЫ

БАЙЗАҚ: «ТЕМІРБЕК БАБА» МЕШІТІНДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отбасы – адамның алғашқы тәрбие алатын ұясы. Ислам дінінде оның маңызы зор, ал ер мен әйелдің рөлі ерекше. Сарыбарақ ауылы  «Темірбек баба» мешітінің имамы Мыңбаев Жасұланның ұйымдастыруымен  Байзақ ауданының наиб имамы Сағымбаев Бақытбек, «Ислам және адал қоғам» жылы аясында мешіт жамағатына отбасы құндылықтары мен оның мән-маңызы туралы насихат жүргізді.

«Темірбек баба» мешітте өткізген кездесуде Бақытбек Бауыржанұлы отбасындағы әйел мен ер адамның рөлін, міндеттерін атап өтті. Исламда отбасы құндылықтары мен өзара сыйласу үлкен маңызға ие. Имам ер мен әйелдің бір-біріне деген жауапкершілігі және адалдығы туралы кеңінен түсіндіріп, бақытты отбасының негізі – рухани құндылықтар мен түсіністік екенін атап өтті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: