Насихат – Ислам дінінің күнделікті тұрмыста қолданылуын, өнегелі ұстанымдарды өмірде жүзеге асыруды және адамгершілік қасиеттерді дәріптеуді көздейтін тағылымды өсиет.
Онда білетіндердің білмейтіндерге үйретуі, жақсылықты еске салып отыруы маңызды орын алады. Осы орайда Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешіті ұстазы Альбина Бақтиярқызының ұйымдастыруымен, мешіт шәкірттерінің қатысуымен ақ дастарқан жайылды.
Дастарқан басында бата жасалып, ізгі тілектер мен алғыстар айтылды. Шара барысында аудан ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен Альбина Бақтиярқызына арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар шәкірттермен түрлі ойындар ойнатылып, ынталандыру сыйлықтары берілді. Осындай ғибратты әрі тағылымды отырыстар көп болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Қаңтар 2026
9 Шаабан 1447

