Әһли сүннет ұстанымы бойынша дүниеден өткен жандардың қабірін зиярат етуге, оларға сәлем беріп, Құран оқып, сауабын бағыштауға рұқсат етіледі.
Бұл — мұсылман қауымының ізгі дәстүрлерінің бірі. Осы орайда Қордай ауданының ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен аудан көлемінде қасиетті айларда Құран оқу шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Кезекті Құран хатым дұғасы Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінің ұстазы Альбина Бақтиярқызының жетекшілігімен, жамағаттың қатысуымен өткізілді.
Жиын барысында хатым дұғасы жасалып, марқұмдарға Құран сауабы бағышталды. Оқылған Құран хатым қабыл болсын! Ізгі амалдар жалғаса бергей!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қаңтар 2026
10 Шаабан 1447

