Қордай: Ережеп айына арналған рухани марафон жалғасуда

Қордай: Ережеп айына арналған рухани марафон жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ражаб» сөзі араб тілінде ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Ислам діні келмей тұрып-ақ араб халқы бұл айды ерекше қадірлеген. Тіпті осы айда ұзақ жылдарға созылған соғыстар мен араздықтар тоқтатылып, бейбітшілік орнаған.

Ережеп — Алла Тағала соғысуға, қан төгуге тыйым салған қасиетті айлардың (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) бірі. Рамазан айының алдында келетін бұл қасиетті кезең — әрбір мұсылман үшін рухани дайындықтың бастау сәті. Осыған орай Қордай ауданында әйел-қыздар жамағаты айлардың сұлтаны — Рамазанға ықыласпен дайындықты бастап кетті. Игі бастама Қордай ауданы әйел-қыздар ұстаздары жетекшісі  Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Нәзік жанды қауым құлшылықтарына мән беріп, қаза ораза мен намаздарын өтеуге, діни білімін арттыруға және жүректерін рухани тазартып, Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алуға ниет етуде. Баршамызға Алла Тағала бұл игі амалдарда жеңілдік берсін. Ниет пен құлшылықтарымызды қабыл етіп, берекесін арттырсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: