Қайырлы үмбет болудың басты шарты – «жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю». Осы ұлы міндет орындалған қоғам әрдайым қайырлы, бірлігі бекем, адамзатқа игілік пен тура жол көрсетуші қоғам болмақ. Осы өнегелі ұстанымды негізге алған рухани басқосу Қордай ауданында өтті.
Аудандық әйел-қыздар жамағатын аудан ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жиналған нәзік жандылар «Жақсылыққа шақыру» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді. Кездесу барысында ауызбірлік, мейірім мен махаббат, жанашырлық, ізгілік сынды асыл құндылықтар насихатталып, жамағат жүрегіне рухани әсер сыйлаған ой-пікірлер ортаға салынды.
Мұндай кездесулер әйел-аналардың қоғамдағы рухани рөлін нығайтып, отбасы берекесі мен ұрпақ тәрбиесіне оң ықпалын тигізері сөзсіз. Алла Тағала баршамызды Өз жолында көркем насихатшы, игілік істеуші әрі елге пайдалы құлдарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

