Қордай: «Тазалық пен дәрет» тақырыбында аудандық семинар өтті

Қордай: «Тазалық пен дәрет» тақырыбында аудандық семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тазалық – адамның ішкі мәдениетінің, тәрбиесінің және жан-дүниесінің айнасы. Асыл дінімізде тазалық исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған, сондықтан ол әрбір мұсылман өмірінде маңызды орын алады. Тазалық тек сыртқы көріністі ғана емес, ішкі жан дүниенің тазалығын да қамтитын ұғым болып табылады.

Осы тақырыпты жан-жақты түсіндіру мақсатында Қордай ауданының әйел-қыздар секторы жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен аудан деңгейінде екінші семинар өткізілді. Нәзік жандылардың қатысуымен өткен шара барысында тазалық, дәрет, ғұсыл, мәсіх, таяммум тақырыптары ашықталып, практикалық түрде көрсетілді. Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, алғыс айту рәсімімен шара қорытындыланды.

Мұндай басқосулар әйел-қыздар жамағатының рухани және діни білімін арттыруға зор үлес қосады. Алла Тағала иманымызды кәміл етіп, құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: