Қордай: Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабақ өтті

Қордай: Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздік – асыл бабаларымыздың сан ғасырлық аңсаған арман-мұраты, сол жолда жанын құрбан еткен боздақтардың аманаты. Бұл — күллі мұсылман қазақ халқы үшін ең қастерлі, ең қасиетті күндердің бірі.

Себебі тәуелсіздікпен бірге халқымыз ана тілімен, ата дінімен қайта қауышып, ұлттық салт-дәстүріміз жаңғырып, ел еңсесі көтеріліп, еркіндік рухы бойымызға қайта орнықты. Осы тарихи күннің мән-маңызын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында Қордай ауданы, Қаракемер ауылының «Қаракемер2» мешітінде әйел-қыздар ұстазы Әдеміай Бахиқызының ұйымдастыруымен шәкірттерге арналған тағылымды ашық сабақ өткізілді.

Шара барысында Тәуелсіздік күнінің тарихи, рухани және тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндіріліп, жамағатқа әсерлі ой салған басқосу Құран аяттарымен басталып, ақ батамен, дұға-тілекпен қорытындыланды. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың елін, жерін сүюіне, ұлттық рух пен имандылықты бойына сіңіруіне үлкен үлес қосатыны анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: