#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл имамдарының атқарған жұмыстарының бір жылдық есебін алды. Ауданға қарасты 34 ауылдық мешіттің имамдары мен молдалары муфтият бекіткен 4 бағыт және бірқатар бөлімдер бойынша есеп берді. Сонымен қатар, муфтиятқа қарасты орталықтар мен бөлімдер бойынша қосымша сұрақтар қойылды.

Кейбір ауыл имамдарының жұмыстары айтарлықтай жоғары деңгейде болса, кейбірі қанағаттанарлық деңгейде болды. Аудан бас имамы жиын соңында кеткен кемшіліктерді атап өтіп, алдағы уақытта сол бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: