Меркі: Тәуелсіздік күні мен ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай облыстық шағын футбол турнирі өтті

Меркі: Тәуелсіздік күні мен ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай облыстық шағын футбол турнирі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай Жамбыл облысы бойынша имамдар арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шараның басты мақсаты – имамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ауызбіршілік пен бауырмалдықты арттыру, сондай-ақ рухани қызмет пен спортты ұштастыру болды. Турнирге Жамбыл облысының әр ауданынан келген мешіт имамдары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс барысында командалар жоғары деңгейде дайындық танытып, әділ ойын мен спорттық мәдениеттің үлгісін көрсетті. Достық пен ынтымақты ту еткен турнир қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рухани бірлікті нығайта түсті.

Турнир нәтижесі мынадай:
I орын – Қордай медресесі
Жеңімпаз командаға 100 000 теңге табысталды.

II орын – Тараз қаласы имамдарының  құрама командасы
Оларға  75 000 теңге берілді.

III орын – Меркі ауданы
Үшінші орын иегерлері 50 000 теңгеге ие болды.

IV орын – Қордай ауданына 25 000 теңге табысталды.

Сонымен қатар,турнирдің үздік ойыншыларына жекелеген марапаттар беріліп,  қалған 8 командаға ынталандыру мақсатында 10 000 теңгеден сыйақы табысталды.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, дін қызметкерлері арасында бірлік пен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал ететіні атап өтілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: