Меркі: Жамбыл облысы имамдарына арнап дастархан жайылды

Меркі: Жамбыл облысы имамдарына арнап дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында дін қызметкерлеріне құрмет көрсету мақсатында облыс имамдарына арнап арнайы дастархан жайылды. Игі шараға өңірдің әр ауданынан келген мешіт имамдары қатысып, өзара пікір алмасып, рухани жүздесу өтті.

Дастархан басында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ел бірлігі мен ынтымағы жөнінде әңгімелер айтылып, имамдардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі сөз болды. Сондай-ақ, мұндай басқосулар бауырмалдықты нығайтып, дін қызметкерлерінің бірлігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Шара барысында жиналған имамдарға ізгі тілектер білдіріліп, еңбектеріне алғыс айтылды. Кездесу жылы әрі тағылымды жағдайда өтіп, қатысушылар рухани әсер алып тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: