Меркі: Бас имам ауыл имамдарына «Дін мен дәстүр» тақырыбында семинар өткізді

Меркі: Бас имам ауыл имамдарына «Дін мен дәстүр» тақырыбында семинар өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық мешітте бас имам Азамат Берікұлының қатысуымен ауыл имамдарына арналған «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара сабақтастығы кеңінен насихатталды.

Бас имам өз баяндамасында дін мен дәстүрдің бір-бірін толықтыратын ұғым екенін атап өтіп, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан игі дәстүрлері шариғат талаптарымен үндес екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дінді дұрыс жеткізудегі имамдардың жауапкершілігіне ерекше тоқталды.

Іс-шара аясында имамдарға «Дін мен дәстүр» кітаптары таныстырылып, олардың мазмұны мен насихаттық маңызы айтылды. Кітапты мешіт жамағаты мен жастар арасында кеңінен насихаттау қажеттігі тапсырылды.

Семинар соңында ауыл имамдары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай семинарлар имамдардың білімін жетілдіріп, халыққа дұрыс діни түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуге үлкен үлес қосатыны атап өтілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: