Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жауапты өкілі Дәулет Амангелді мешітте жиналған жамағатқа «Жамағатпен намаз оқудың пайдасы» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Насихат барысында жамағатпен оқылатын намаздың сауабы мен рухани маңызы кеңінен түсіндірілді.
Дәулет имам исламда жамағатпен намаз оқудың жеке оқылған намаздан сауабы әлдеқайда артық екенін атап өтті. Жамағатпен оқылған намаз мұсылмандардың бірлігін арттырып, бауырмалдықты нығайтып, өзара сыйластық пен татулықты қалыптастыратыны айтылды.
Сонымен қатар, мұсылман баласы үшін мешіт – тек құлшылық орны ғана емес, рухани тәрбие мен имандылықтың ордасы екені ерекше айтылды.
Насихат соңында жамағатты бес уақыт намазды мүмкіндігінше мешітте, жамағатпен оқуға шақырып, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы насихатталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

