Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов жұма намазынан кейін жамағатқа пәтуа сағатын өтті. Мәйiттiң жетiсiн, қырқын немесе жылын берудің шариғатта бұйырылған амал емес. Ол халықтың әдет-ғұрпына жатады. Мұндай белгілі күндері арнайы белгілеп құдайы ас тарату шариғаттың қатаң талабы емес.
Қайтыс болған кісінің жақындары шама-шарықтарына қарай жетісі, қырқысы демей-ақ кез келген күні сауабын бағыштап қайыр-садақаларын жоқ-жітіктерге, мұқтаж жандарға берулеріне болады. Ал таныс, туған-туыстарын жинап ас берулеріне де қарсы емес. Шариғатта міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап өлінің атынан үлкен мал сойып садақа бересің деген жері жоқ. Қысқасы, істесең сауап, істемесең күнә емес амалға жатады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

