«Мойынқұм» мешіттің наиб имамы Тұратбек Бердіқожаев уағыз уақытында жастар тәрбиесі мен Отанға қызмет ету тақырыбын арқау етті. Уағыз барысында ол ел болашағы – саналы, білімді әрі отансүйгіш жастардың қолында екенін атап өтті.
Наиб имам өз сөзінде Отанға қызмет ету тек әскери немесе мемлекеттік қызметпен шектелмейтінін, адал еңбек ету, білім алу, ата-анаға құрмет көрсету, қоғамға пайда тигізу де нағыз отаншылдықтың көрінісі екенін түсіндірді. Ислам дінінде туған жерді сүю, елге адал болу жоғары құндылықтардың бірі саналатынын жеткізді.
Сондай-ақ жастарды жат ағымдардан сақ болуға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, дін мен дәстүрді қатар ұстануға шақырды. Уағыз-насихат жамағатқа терең ой салып, әсіресе жас буынға рухани бағдар берді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

