Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мойынқұм» мешітінде тағылымды рухани шара өтті. Мешіттің наиб имамы Бердіқожаев Тұратбек жамағатпен бірге ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған боздақтардың рухына Құран оқып, дұға бағыштады.
Рухани жиында имам азаттықтың оңайлықпен келмегенін, бүгінгі бейбіт өмірдің негізінде батыр бабалар мен тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтардың ерлігі жатқанын атап өтті. Ол олардың есімін ұмытпай, әрдайым құрметпен еске алу – кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы екенін жеткізді.
Құран бағыштау барысында жамағат бір сәт үнсіздік сақтап, елдің амандығы мен бірлігі, тәуелсіздіктің мәңгі болуы үшін тілек тіледі.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

