«Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың қатысуымен пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Кездесу барысында жамағатты толғандырған діни мәселелер шариғат тұрғысынан түсіндіріліп, нақты әрі түсінікті жауаптар берілді.
Бас имам күнделікті өмірде жиі кездесетін сұрақтарға Құран мен сүннетке сүйене отырып жауап беріп, дініміздегі жеңілдіктер мен жауапкершілік қағидаларына тоқталды.
Пәтуа сағаты жамағат үшін пайдалы болып, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды шараға айналды. Көпшілік имамға алғыстарын білдіріп, намазда бір сап түзді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

