#Мойынқұм: Айдарлы ауылында пәтуа сағаты жалғасуда

#Мойынқұм: Айдарлы ауылында пәтуа сағаты жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айдарлы ауылындағы «Кеңес» мешітінде имам Бақытбек Елеубаевтың жүргізуімен пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Кездесу барысында жануарларды кастрациялау мәселесі шариғат тұрғысынан түсіндірілді.

Имам бұл тақырыпта исламда жан-жануарға мейіріммен қарау, зиян келтірмеу қағидалары басты орын алатынын айтып, қажеттілік пен пайда жағдайында рұқсат етілетін тұстары жөнінде нақты дәлелдер келтірді.

Байқағанымыздай, Ислам тек адам баласының ғана емес, жан-жануарлардың да ақысын аяқасты еткізбей, қамқорлығына алған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Таң намазына шақырған əтешті сөкпеңдер, тілдемеңдер» деп, намазға себепкер əрбір нəрсені қымбатқа бағалайтынын білдірген. Сондай-ақ әрбір істің жауапкершілікпен, қинаусыз және ізгі ниетпен атқарылуы керектігін атап өтті.

Пәтуа сағаты жамағаттың сұрақ-жауаптарымен жалғасып, күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерге нақты бағыт-бағдар берді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: