«Мойынқұм» мешітінде бас имамның төрағалығымен аудан имамдарының кезекті жиыны өтті. Басқосуда рухани білімді арттыруға бағытталған бір айлық бір кітап жобасы қарастырылып, имамдар үшін арнайы ұсынылған «Хазіретті Әбу Бәкір Сыддық» атты еңбекті талдау мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Жиын барысында бас имам кітаптың тарихи және тәрбиелік маңызына тоқталып, оның мұсылман жамағаты үшін өнегелі тұлғалардың өмірін тануда таптырмас дереккөз екенін атап өтті. Имамдар алдағы айда бұл еңбекті жүйелі түрде оқып, жамағатпен бөлісу мақсатында ортақ жоспар жасақтады.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Желтоқсан 2025
21 Джумада-сани 1447

