Төле би мешітінің Әйел-қыздар секторы ұйымдастырған «Өнерлі келін – өнегелі келін»атты келіндер сайысы көпшілік көңілінен шығып, тағылымы мол жиынға айналды. Инабат пен іскерлікті, шеберлік пен сүйіспеншілікті ұштастыра білген келіндер топ-топқа бөлініп, өз өнерлерін жұртшылық назарына ұсынды.
Сайысқа қатысқан төрт команда бірнеше кезең бойынша сынға түсті.
Келіндер:
Қамыр жаюдағы ептілігін көрсетіп, ұлттық тағамдардың мәні мен маңызын паш етті;
Қолөнер бұйымдарын жасауда нәзіктік пен талғамды үйлестірді;
Орамал тағу үлгісінде қазақ келінінің шынайы болмысын көрсетіп, әдеп пен әсемдіктің үндестігін дәлелдеді;
Тағам дайындау кезеңінде шеберлік, жылдамдық және ұқыптылық жағынан өзара бақ сынады.
Зал толы көрермен ұлттық дәстүрге бай, тартымды қойылымдар мен келіндердің шынайы өнеріне сүйсініп, әр командаға ерекше қолдау көрсетті. Сайыс барысында жас келіндердің өнерге, салт-дәстүрге деген ықыласы айқын көрініп, қазақы тәлімнің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығы сезілді.
Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстап, олардың еңбегі мен талпынысын атап өтті. Қазылар шешімімен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
1-орын – «Аманат» тобы
2-орын – «Ән-ниса» тобы
3-орын – «Шаңырақ шуағы» тобы
4-орын – «Береке» тобы иеленді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Желтоқсан 2025
21 Джумада-сани 1447

