#Шу: Құран жарысынан жүлдері орын алған шәкірттер марапатталды

#Шу: Құран жарысынан жүлдері орын алған шәкірттер марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінің шәкірттері облыстық деңгейде өткен Құран жарысында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығасына байлады. Бұл — ауданымыздың діни білімге деген құлшынысы мен жас өрендердің талпынысының айқын көрінісі.

Биылғы сайысқа Шу ауданынан екі үміткер қатысып, өзара жарысқа түскен ондаған қатысушы арасынан үздік атанды.

Жапарқұл Жанеркежарты параны жатқа оқу бойынша өнер көрсетіп, жоғары нәтижемен 2-орынға ие болды.

Сағынтай Жадырабір параны жатқа оқу санатында 12 қатысушының ішінен суырылып шығып, лайықты 4-орынды иеленді.

Ұстаздары мен ата-аналары шәкірттердің бұл жетістігін аудан мерейін көтерген үлкен жеңіс деп бағалап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: