#Шу: «Төле би» мешітінде әйел-қыздар жамағаты бас қосты

#Шу: «Төле би» мешітінде әйел-қыздар жамағаты бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жергілікті жамағат дастархан басында бірлесіп бас құрап, игі мақсаттағы кездесуде рухани тәрбие мен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте айқындады. Шара барысында ұстаздар жиналғандарға жүрекке жылы тиер уағыз-насихат айтып, отбасылық құндылықтар, имандылық пен көркем мінез жайлы әсерлі әңгімелерін жеткізді.

Жиналыс барысында алдағы уақытта жүзеге асырылатын ортақ іс-шаралар, қайырымдылық бағытындағы жобалар және әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған тәрбиелік бағдарламалар талқыланды.

Әйел жамағаты мүшелері бастамаларды бірауыздан қолдап, бірлік пен ізгілік жолындағы жұмыстардың жалғасатынына сенім білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: