#Шу: аудана өткен жылдық имамдар жиналысы орын алды

#Шу: аудана өткен жылдық имамдар жиналысы орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының рухани тынысын айшықтаған маңызды басқосу Бөлтірік ауылындағы «Бөлтірік шешен» мешітінде өтті. Бұл көшпелі жылдық жиналысқа ауданның барлық имамдары қатысып, бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды талқылап, ой бөлісті. Жиынға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы жетекшілік етті. Жыл қорытындысына орай үздік қызметкерлер марапатталып, еңбектері лайықты бағаланды.Жыл қорытындысы бойынша:

Үздік қала имамы – «Кәрібай молда» мешітінің имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы;

Үздік ауыл имамы – «Бірлікүстем» мешітінің имамы Алимбеков Жетпісбай;

Үздік наиб имам – «Жәми» мешітінің наиб имамы Сейткереев Талғат;

Үздік азаншы – «Жами» мешітінің азаншысы Насиза Камиль;

Үздік ер ұстаз – «Бірлік» мешітінің имамы Жұматаев Медет;

Үздік әйел ұстаз – Шу қаласы «Айтқұл баба» мешітінің ұстазы Байториева Галия Картенбаевна;

Үздік мешіт тазалықшысы – «Жами» мешітінің тазалықшысы Кудерова Сандугаш;

Үздік ардагер имам – «Жиенбет» мешітінің имамы Бердибеков Шукирали Оспанбекович.

Марапаттауға ұсыныс берілгендер қатарында:

«Бірлік» мешіті – Жуматаев Медет Нарыкбаевич

«Жылғабе» мешіті – Коспанов Абусеит Мадимарович

«Далақайнар» мешіті – Кодебай Дуйсенгали Молдакасымович

«Бірлік үстем» мешіті – Алимбеков Жетписбай

«Хати Сауранбайұлы» мешіті – Тилемисов Бақыт Серікұлы

«Аманкелді» мешіті – Абдрайымов Әбубәкір Серікұлы

Сонымен қатар жыл мешіті атағы Балуан Шолақ ауылындағы «Қойайдар» мешітіне берілді. Жиын барысында дін мамандары алдағы жылдың басымдықтарын айқындап, бірлескен жоспарларды пысықтады. Шара соңында ақсақалдар батасын беріп, ақ дастархан басында ізгі тілектер айтылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: