ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай, Алматы қаласы «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрболат Аманбайұлы Жамбыл облысы Байзақ ауданына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында Сарыкемер ауылында орналасқан «Әр-Рахман» мешітінде жамағатпен жүздесті. Сонымен қатар РАНТ мүшесі бесін намазының алдында жамағатқа «Мұнафықтардың белгісі» тақырыбында насихат айтты.
«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисімен мұнафықтардың бойынан табылатын басты ерекшеліктерін былайша атап көрсетеді: «Мұнафықтың белгісі үшеу: сөйлеген кезде өтірік айтады, уәде берген кезде сөзінде тұрмайды және аманатқа қиянат жасайды» деп мұнафық мұсылман ортасында мұсылман сияқты әрекет етіп, кәпірлердің ортасына барғанда күпірлігін жалғастыра береді. Олардың мақсаты сырт көзге мұсылман көрініп, мұсылмандарды іштей ыдырату, алауыздық тудыру, бүлік шығару екенін айтты Нұрболат Аманбайұлы.



12 Желтоқсан 2025
21 Джумада-сани 1447

