ҚМДБ Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Нұрболат Аманбайұлы ауданға қарасты дін қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар барысында дін қызметкерлеріне уағыз айтудың әдебі бойынша тың ақпараттармен бөлісті.
«Алла Тағаланың Құрандағы: «Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр» – деген бұйрығына сай даналықпен уағыз айту керек. Әр сөздің айтылатын орны болады. Сөзіңіз тұщымды болу үшін дәстүрдің құндылығын да дұрыс түрде насихаттай білген жөн» – дей келе, Нұрболат ұстаз өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға аудан бойынша барлық дін қызметкерлері қатысты.



12 Желтоқсан 2025
21 Джумада-сани 1447

