Мыңарал ауылындағы “Шалғынбайұлы Бейсенбай” мешітіне қысқы маусымда жылу мәселесін қамтамасыз ету мақсатында отын ағашы жеткізілді. Бұл көмек жергілікті әкімшілік пен цемент зауыты қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылған.
Мешіт тарапынан әкімшілікпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде цемент зауытының қызметкерлері қажетті отынды мешіт аумағына жеткізіп беруге келісім берген.
Мешіт жамағаты бұл игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, көрсетілген көмектің қысқы кезеңде мешіттің тұрақты жылуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.
Әкімшілікке және зауыт қызметкерлеріне разылық білдіре отырып, мешіт ұжымы ортақ жұмыстың берекелі болуын тілейді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


03 Наурыз 2026
14 Рамадан 1447

